№88 «Баян-Сұлу» балабақшасы

Құрметті ата-аналар!

Біздің балабақшамызда балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында
консультативтік пункт өз жұмысын бастады. Бұл пункт арқылы сіз балаларыңыздың тәрбиесі, дамуы,
психологиялық қолдау, сондай-ақ педагогикалық бағыттар бойынша кәсіби кеңес ала аласыз.

Консультация барысында ұсынылатын тақырыптар:

  • Баланың жас ерекшеліктеріне сай даму ерекшеліктері
  • Тіл дамыту және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру
  • Отбасындағы тәрбиенің маңызы
  • Баланың шығармашылық әлеуетін дамыту жолдары
  • Әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру

Консультативтік пунктке жазылу үшін:

  • Педагог-психологқа, логопедке немесе тәрбиешіге хабарласыңыз
  • Уақыт пен күнді алдын ала келісіп алыңыз

Балаларыңыздың дамуына қосқан үлесіңіз бен ынтымақтастығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Ізгі тілекпен,
Балабақша әкімшілігі
Қосымша тел: +7 (7172) 27-28-15

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР

«Бұл қызықты» балабақшаға саяхат

3 жастағы дағдарыс

Бала және гаджет

Біз үйде ойнаймыз

Отбасында ұтымды тамақтандыру

👦 Балабақшадағы ер бала туралы кеңестер

Құрметті ата-аналар!
1 Жеке тұлғаға құрмет көрсету
Ер балалардың қызығушылықтарын түсініп, оларға сәйкес бағдарламалар мен ойындарды таңдаңыз. Олар көбінесе физикалық белсенділікке және шығармашылыққа қызығады.
2 Әлеуметтік дағдыларды дамыту
Басқа балалармен қарым-қатынас жасау және бірлесіп ойнау маңызды. Бұл олардың әлеуметтік дағдыларын дамытып, түсіністік пен ынтымақтастықты үйренуге көмектеседі.
3 Физикалық белсенділік
Ер балалар энергияға толы, сондықтан оларды жиі қозғалысқа, спортқа және ашық ауада ойын ойнауға ынталандырыңыз. Бұл денсаулығына және психологиялық жағдайына оң әсер етеді.
4 Оқу мен ойынның үйлесімі
Оқу процесін қызықты әрі көңілді етіп ұйымдастырыңыз. Әртүрлі тақырыптар мен ойын әдістерін қолданып, білімге деген ынтасын арттырыңыз.
5 Жақсы үлгі көрсету
Ер баланың мінез-құлқына айналасындағы ересектердің үлгісі үлкен әсер етеді. Тәртіптілік, еңбекқорлық, достық пен адалдықты өзіңіз көрсетіңіз.
6 Қолдау көрсету және көңіл бөлу
Балабақшаға алғаш барған кезде жаңа ортаға бейімделу қиын болуы мүмкін. Оған қолдау көрсетіп, қиындықтарын бірге шешуге тырысыңыз.
✅ Балаларыңыздың бақытты балалық шағы үшін бірге әрекет етейік!

🏃 ҮЙДЕГІ БАЛАНЫҢ ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІ

Біздің қоғамның маңызды міндеттерінің бірі – өміршең, дені сау өскелең ұрпақты қалыптастыру.

Баланың денсаулығын қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі – қозғалыс белсенділігі. Бұл нәресте ояу кезінде жасайтын қозғалыстардың жалпы мөлшері.

Қозғалыс белсенділігіне мыналар жатады: жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру және басқа да белсенді қимылдар.

Бүгінгі балалардың көпшілігі күнінің басым бөлігін гаджеттермен өткізеді. Нәтижесінде ұйқы режимі, көру қабілеті және қалып бұзылады, қозғалыс белсенділігі айтарлықтай төмендейді.

Қозғалыс – өсіп келе жатқан ағзаның биологиялық қажеттілігі. Ол жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, тірек-қимыл жүйесі, жүйке жүйесі және зат алмасу процестерін жақсартады, сонымен қатар эмоционалды, ерікті және танымдық дамуды қолдайды.

Мамандардың зерттеулері бойынша:
• 2-3 жастағы балалар күніне шамамен 2,5–3 км қозғалады.
• 6-7 жастағы балалар бұл көрсеткішті 2–3 есе артық орындайды.

Ең жоғары қозғалыс белсенділігі: таңғы сағат 9:00–12:00 және кешкі 17:00–19:00 аралығында.

Дені сау балалар – біздің болашағымыз. Қазірден балалардың денсаулығының мықты іргетасын қалайық!

📖 БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЕРТЕГІНІҢ РӨЛІ

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын дамыту және сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ертегілердің орны ерекше.

Қазақ ертегілері — әлеуметтік, рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі.

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанры. Олар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, ғасырлар бойы сақталып келеді.

Ертегілердің басталуы көбінесе ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің… болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде».

Ертегі әрқашан жақсылықпен аяқталады: «Сөйтіп мұратына жетіпті». Бұл балалардың жақсылыққа деген сенімін нығайтады.

Ертегілердің негізгі түрлері:

  • 1. Қиял-ғажайып ертегілер — «Ер Төстік», «Алтын балық», «Алтын сақа»
  • 2. Хайуанаттар туралы ертегілер — аңдар мен құстар адам қасиеттерімен бейнеленеді
  • 3. Шыншыл ертегілер — халық өмірі шындық тұрғысынан көрсетіледі
  • 4. Тұрмыс-салт ертегілер — «Алдар көсе мен бай», «Шықбермес Шығай бай»

Ертегілер арқылы балалардың ой-өрісі, тіл байлығы және сөйлеу мәдениеті артады.

🌿 ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ 10 КЕҢЕС

  1. Демалыс күндері де ерте тұрыңыз! Тұрақты күн тәртібі денсаулыққа пайдалы.
  2. Демалысты алдын ала жоспарлаңыз! Уақытты тиімді пайдалану үшін ертерек дайындалыңыз.
  3. Кез келген тосын жағдайға дайын болыңыз! «В» жоспарыңыз болсын.
  4. Үй жұмысын демалысқа есептемеңіз! Нағыз демалысты отбасыңызға арнаңыз.
  5. Отбасылық дәстүр қалыптастырыңыз! Ортақ ойындар, кітап оқу, шай ішу т.б.
  6. Ғаламтордан алыстай тұрыңыз! Телефонды сөндіріп, оффлайн режимде болыңыз.
  7. Спортпен дос болыңыз! Таңғы серуен, жаттығулар, таза ауа.
  8. Пайдалы істерді жоспарлаңыз! Ағаш отырғызу, үйге жаңа заттар, отбасылық жоспарлар.
  9. Балаларыңызға демалыс ұйымдастырыңыз! Бұл баланың өзіне деген сенімін арттырады.
  10. Адамдарға жақсылық жасаңыз! Жақындарыңызға уақыт бөліңіз және қамқорлық танытыңыз.
Әр күннің қадірін біле жүріңіз!

№88 "Баян-Сұлу" балабақшасы

Қыз Жібек көшесі, 40а

Прокрутить вверх