№88 «Баян-Сұлу» балабақшасы

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Аналар мектебі» өз жұмысын бастады. Бұл ерекше бастама ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлін нығайтуга, отбасылық құндылыктарды дәріптеуге бағытталған.
Алғашкы кездесу қызыкты викторина форматында ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін
сынап, ерекше әсер алды.
Осындай шаралар аналардың өзара байланысын
күшейтіп, балаларымыздың жарқын болашағына бірге кадам жасауға көмектеседі.

Балабақшамызда “Әжелер мектебі” құрылып, бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында алғашқы шара өткізілді. Іс-шара барысында асыл әжелеріміз қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерінің бірі – бесікке салу рәсімін көрсетті.

Балалар бесіктің қасиеті мен маңызын түсініп, әлди жырын тыңдап, ата-баба мұрасымен танысты. Осындай шаралар арқылы ұлттық тәрбиеге баса назар аударып, болашақ ұрпаққа дәстүрді насихаттауды жалғастырамыз.

Балабақшамызда “Қайырымдылық күніне” орай “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” атты экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында балаларға табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту маңыздылығы түсіндірілді.
Акцияға ата-аналар да белсенді қатысып, ауладағы қарды тазалауға көмектесті. Ортақ еңбектің нәтижесінде ауламыз тазарды, ал балалар мейірімділік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрді.

Балабақшамызда “Әкелер мектебі” құрылып, алғашқы шара ретінде ұлттық ойындар сайысы өтті. Бұл шараның басты мақсаты – әкелер мен балалардың арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Әкелер мен балалар асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар ойнап, өзара сайысқа түсті. Әкелер әкелермен, ал балалар өз қатарластарымен жарысып, шеберліктерін көрсетті.

Шара керемет көңіл-күй сыйлап, барша қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.

№88 “Баян сұлу” балабақшасында педагогтар арасында “Ұлттық ойын – ұлттық иммунитет” тақырыбында іскерлік ойын өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі ойындарын ойнап, олардың тәрбиелік мәні мен маңызын талқылады. Ұлттық ойындардың бала дамуына тигізер оң әсері, оның ішінде зияткерлік, физикалық және рухани иммунитетті қалыптастырудағы рөлі жан-жақты қарастырылды.
Бұл ойын педагогтардың тәжірибе алмасуына, ұжымдық рухты нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

№88 "Баян-Сұлу" балабақшасы

Қыз Жібек көшесі, 40а

Прокрутить вверх