🏛️ Мекеме туралы ақпарат
📍 Мекеменің атауы:
Астана қаласы әкімдігінің "№88 «Баян сұлу» балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
📍 Орналасқан жері:
Қазақстан, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қыз Жібек көшесі, 40а
☎️ Байланыс телефоны:
✉️ Электронды пошта және сайт:
🆔 БСН:
160340002127, Астана қаласы, 04.03.2020 жыл
📜 Жарғысы:
Астана қаласы әкімдігінің 29.01.2020 жылғы №107-226 қаулысына 83 қосымша
🏢 Ғимарат түрі:
2 қабатты
📏 Ғимарат көлемі:
2198 шаршы метр
📅 Қолданылуға берілген жылы:
20 маусым 2016 жыл
👶 Жобалық қуаты:
280 бала
👥 Жас ерекшеліктеріне қарай:
12 топ
🗣️ Оқыту тілі:
Мемлекеттік тіл
🌟 Балабақша бағыты
🎯
Балабақшаның мақсаты
Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, еңбекқор, адал, саналы, жасампаз, дені сау бала тәрбиелеу.
📋
Балабақшаның міндеттері
- Физикалық дені сау баланы тәрбиелеу, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
- Балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыру және коммуникативтік дағдыларды дамыту;
- Тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
- Қоршаған әлемді тану, өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасай отырып, тәрбиеленушілердің шығармашылық және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту;
- Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
🌱
Күтілетін нәтиже
Балабақшаның түлегі:
Физикалық дамыған
Ізденімпаз
Бастамашыл
Табанды
Бейімделуге қабілетті
Көпшіл
Өзіне сенімді
Командада жұмыс істей біледі
Эмоционалды жауапты
Өзі, отбасы, қоғам, мемлекет, әлем және табиғат туралы алғашқы түсініктерге ие
