🍽️ Бракераждық комиссияның жұмысы
Балабақшамызда балалардың сапалы әрі құнарлы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар мен әкімшілік өкілдерінен құралған бракераждық комиссия мүшелері асхана жұмысымен танысты.
Комиссия мүшелері асханада тағамдардың дайындалу барысын, санитарлық талаптардың сақталуын және тамақ дайындау сапасын бақылап, ас мәзірімен танысты. 👩🍳🥗
Сонымен қатар, топтардағы тамақ беру процесін қадағалап, балаларға ұсынылатын тағамдардың сапасы мен берілу тәртібіне назар аударды.
Балалардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануы – басты назарымызда! 💚
Сапалы тамақтану – баланың дені сау болып өсуінің маңызды кепілі. 🌿
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай балабақшамызда ата-аналармен бірлесе отырып, мазмұнды әрі қызықты іс-шара ұйымдастырылды.
🎶 Сылдырмақпен сырлы әуен! 🔔✨
Музыка жетекшісі Лаура Жайлаубаевна 3 жасар бүлдіршіндерді сылдырмақ аспабымен таныстырды. Балалар аспаптың дыбысын тыңдап, оны дұрыс ұстап, музыка ырғағына сай сылдырмақпен ойнауды үйренді. 🥰
Музыка сүйемелдеуімен қызықты ойын ойнап, әуенге ілесіп, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді. 🎵💃
Кішкентай бүлдіршіндер үшін әрбір музыкалық сәт — жаңа әсер, жаңа таным! ❤️🌸
🌿 «Отбасының жылулығы — бақыттың бастауы» 🌿
Балабақшамызда Отбасы күніне орай ата-аналарға арналған көңілді әрі тағылымды тренинг өтті. ❤️
Қатысушылар «Мақалды тап», викториналық сұрақ және «Даусынан таны» ойындары арқылы ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеп, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді.
Шара соңында ата-аналар балаларымен бірге естелікке отбасылық фотосуретке түсті. 📸💕
Отбасы — мейірім мен жылулықтың бастауы.
Бақытты отбасы — бақытты бала! 🏡❤️
АБАЙ ӘНДЕРІ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Балабақшамызда тәрбиешілердің қатысуымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әндеріне арналған шығармашылық кеш өтті.
Кеш барысында тәрбиешілер Абайдың әндерін орындап, педагогтарға ерекше рухани әсер сыйлады.
Абай мұрасы – ұрпаққа қалдырған асыл қазына!
Балабақша жұмысының негізгі бағыттарын айқындау, алдағы міндеттерді белгілеу мақсатында жаңа оқу жылында “Мектепке дейінгі ұйымның жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындығы, тәрбие-оқыту процесінің бағытын ұйымдастыру” атты №1 педагогикалық кеңесі ұйымдастырылды.
ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ!
Отбасы күніне орай балабақшамызда отбасылық спорттық сайыс өтті. Шара барысында ата-аналар мен бүлдіршіндер көңілді эстафеталарға қатысып, ұйымшылдық пен белсенділіктерін көрсетті.
Берекелі отбасы – бақытты балалық шақтың негізі!
ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ!
Тілдер күніне орай балабақшамызда ата-аналардың қатысуымен танымдық-мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, тілге деген құрметтерін танытты. Ата-аналармен бірге қызықты ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды.
Тіл – достық пен бірліктің дәнекері!
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Аналар мектебі» өз жұмысын бастады. Бұл ерекше бастама ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлін нығайтуга, отбасылық құндылыктарды дәріптеуге бағытталған.
Алғашкы кездесу қызыкты викторина форматында ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін
сынап, ерекше әсер алды.
Осындай шаралар аналардың өзара байланысын
күшейтіп, балаларымыздың жарқын болашағына бірге кадам жасауға көмектеседі.
Балабақшамызда “Әжелер мектебі” құрылып, бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында алғашқы шара өткізілді. Іс-шара барысында асыл әжелеріміз қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерінің бірі – бесікке салу рәсімін көрсетті.
Балалар бесіктің қасиеті мен маңызын түсініп, әлди жырын тыңдап, ата-баба мұрасымен танысты. Осындай шаралар арқылы ұлттық тәрбиеге баса назар аударып, болашақ ұрпаққа дәстүрді насихаттауды жалғастырамыз.
Балабақшамызда “Қайырымдылық күніне” орай “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” атты экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында балаларға табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту маңыздылығы түсіндірілді.
Акцияға ата-аналар да белсенді қатысып, ауладағы қарды тазалауға көмектесті. Ортақ еңбектің нәтижесінде ауламыз тазарды, ал балалар мейірімділік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрді.
Балабақшамызда “Әкелер мектебі” құрылып, алғашқы шара ретінде ұлттық ойындар сайысы өтті. Бұл шараның басты мақсаты – әкелер мен балалардың арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Әкелер мен балалар асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар ойнап, өзара сайысқа түсті. Әкелер әкелермен, ал балалар өз қатарластарымен жарысып, шеберліктерін көрсетті.
Шара керемет көңіл-күй сыйлап, барша қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.
№88 “Баян сұлу” балабақшасында педагогтар арасында “Ұлттық ойын – ұлттық иммунитет” тақырыбында іскерлік ойын өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі ойындарын ойнап, олардың тәрбиелік мәні мен маңызын талқылады. Ұлттық ойындардың бала дамуына тигізер оң әсері, оның ішінде зияткерлік, физикалық және рухани иммунитетті қалыптастырудағы рөлі жан-жақты қарастырылды.
Бұл ойын педагогтардың тәжірибе алмасуына, ұжымдық рухты нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Балабақшамызда балалармен көңілді жазғы ойын ұйымдастырылды. Су құйылған шарларды жарып, балалар шаттыққа бөленіп, сергіп қалды. Бұл ойын балалардың ептілігін, жылдамдығын дамытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жаздың әр күні – балалар үшін қуаныш пен ұмытылмас әсерге толы! 🌈💙
✨ Танымға толы әсерлі саяхат!
Балабақша тәрбиеленушілері «Сиқырлы риф» атты күмбезді театрда танымдық саяхат жасап қайтты.
Түрлі-түсті әсерлі көріністер балаларды су асты әлемінің ғажайыптарымен таныстырып, олардың қызығушылығын арттырды. Көрсетілім барысында бүлдіршіндердің қиялы дамып, таным көкжиегі кеңейіп, ерекше әсерге бөленді.
Осындай танымдық шаралар балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын оятып, жаңа білімді қызықты түрде меңгеруіне мүмкіндік береді. 🐠🌊🐚
🪕 Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Домбыра – қазақтың рухы, тарихы мен тағдырының үнін жеткізген қасиетті мұра. Оның қос ішегінен төгілген әрбір күй – халқымыздың өткені мен бүгінін жалғаған асыл қазына.
Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті сіңіру – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңырақта күй күмбірлеп, ұлттық өнеріміздің мәртебесі арта берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, өнеріміз мәңгі жасай берсін! 🇰🇿
🎭 “Театр әлемінде” 🎭
Жаз мезгілінде бүлдіршіндердің бос уақытын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында «Театр әлемінде» атты қуыршақ театры өткізілді.
Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты оқиғаларға саяхат жасап, кейіпкерлердің іс-әрекетін қызығушылықпен тамашалады. Қуыршақ театры арқылы олардың қиялы дамып, шығармашылық қабілеттері артып, мейірімділік пен достық сияқты асыл қасиеттердің маңызын ұғына түсті.
